AST Cyber Lab-тағы мансап
Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы мансабыңызды бізбен бірге құрыңыз! Қазір ашық вакансиялар болмаса да, біз жаңа таланттарға әрдайым қуаныштымыз және үйренуге, дамуға деген ұмтылысты бағалаймыз.
Сарапшылармен бірге өсіңіз
- Тәжірибелі мамандардың тәлімгерлігі
- Нақты жобалар және заманауи технологиялар
- Тату команда және қолдау
- Тағылымдаманың үздік түлектеріне жұмысқа орналасу мүмкіндігі
Жыл сайынғы ақылы* тағылымдамалар
Бастаушы мамандар мен 3–4 курс студенттеріне арналған.
Тағылымдамаға қалай түсуге болады?
Тағылымдаманы жыл сайын наурыз–сәуір айларында бастаймыз.
Үміткерлердің деңгейін біліп, бағдарламаны түзете алуымыз үшін тесттен өту.
Тағылымдама барысында ақпараттық қауіпсіздік саласында мансапты бастау үшін қажет барлық білімді беруге тырысамыз. Ал үздік тағылымдамашыларға ақшалай сыйақы береміз.
Үздік тағылымдамашыларға командаға қосылып, сынақ мерзімінен өтуді ұсынамыз.
* Үздік тағылымдамашыларға ақшалай сыйақы береміз.